Аустрия - Қазақстан кездесуіне болжам айтылды

10.10.2024, 10:20

Ресейлік танымал портал Аустрия мен Қазақстан арасындағы ойынға өз болжамын ұсынды

Аустрия - Қазақстан кездесуіне болжам айтылды
Қазақстан құрамасы

Порталдың пікірінше бұл бәсекеда алаң иелері жеңіске жетуі тиіс. 

«Аустрия өткен Еурода тамаша өнер көрсеткен болатын. Франция, Нидерланд пен Польшаны артқа тастап, топта бірінші орын алған еді. Алайда, плей-офта күтпеген жерде Түркияға жол берді. Ұлттар Лигасындағы сәтсіздігін сол турнирден жалғасып жатқан серия деуге болады. Норвегия мен Словенияға қарсы мачтағы бір ұпайды басқаша суреттеу мүмкін емес. Мұның себебін қорғаныстағы кадрлік қиындықтармен байланысты деуге де келмес, бірақ Аустрия тоғыз ойында қатарынан гол жіберуде. 

Ал Қазақстан өткен Ұлттар Лигасы мен Еуроның іріктеуінде біраз шулатты. Алайда оның бәрі тарих. 2024-жылы команда екі рет бапкер ауыстырып, Түркменстаннан басқа ешкімді жеңе алмады. Станислав Черчесов болашақ комада жасақтау мақсатын ұстанатынын анық аңғартқан. Соңғы алты матчта төмен нәтиже көрсеткен құрамадан осы жолы бір серпіліс күту қиын. Бірақ, бұл ойсырай ұтылатын да ұжым емес. Сондықтан, алаң иелерінің бір доп айырмасымен жеңісін топшылаймыз. Болжам 2:1»,- делінген бұл  материалда. 

Айта кетейік, 10-қазанда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен шеберлік байқасады. Одан кейін үш күн өткен соң Алматыда Словениямен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×