Ертең Ұлттар лигасы аясында футболдан Қазақстан құрамасы Алматыда Аустрия футболшыларымен ойын өткізеді. Бірақ, азулы қарсылас Еуропа төрінен Алатау бөктеріне бүгін түн жарымда келетін болды.
Негізі жоспар бойынша аустриялықтар Алматының Орталық стадионында бүгін кешке матч алдындағы жаттығуын өткізіп, жасыл алаңнын ой-шұқырын сезінуі керек болатын. Бірақ, Аустрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник жергілікті климатқа бейімделудің орнына тура ойынға тақап келуді шешкен сыңайлы. Бәлкім, неміс маманының өз ойлағаны бар шығар. Әлде, Забитцер, Арнаутович пен Баумгартнер секілді топ футболшылары бар құрама Қазақстанды қарсылай сезінбей тұр ма екен? Не болса да ертең аутриялықтардан ұпай еншілеп, сазайын беру керек!
Айтпақшы, жұлдызды Аустрия құрамасы түнгі 12-лерде Алматыға ұшып келіп, Интерконтиненталь қонақ үйіне жайғасады. Ұзақ жолдан шаршап жеткен қонақтарға ұйқы бермей қонақ үйдің алдында шу шығаратын жанкүйерлер болса, мархаббат!
Біздің серіктес: FONBET