Ертең Қазақстан-Аустрия арасындағы ойынды тамашалау үшін 150 аустриялық жанкүйер бүгін Алматыға аттаныпты. Негізгі құрамасы да әлі Қазақстанның оңтүстік астанасына жеткен жоқ, жолда келе жатыр.
Демек, қарсыластар Орталық стадионда қолдаусыз қалмайды. Бұл кездесуге аншлаг күтілмесе де бүгінде сатылымға шығарылған 10 мыңдай билет өтіп кеткен. Бірақ, ертеңгі ойында шамамен 15 мыңға жуық жанкүйер болады деп күтілуде. Ал синоптиктер 14 қарашада Алматыда қар жауады деп болжам жасауда. Сондықтан, стадионға баратын фанаттарға барынша жылы киініп алуға кеңес береміз.
Біздің серіктес: FONBET