Аустриялық қорғаушы: қарсыластың ешқайсысына жоғарыдан қарауға болмайды

12.11.2024, 10:48

Аустрия құрамасының қорғаушысы Максимилиан Вебер Ұлттар Лигасы аясындағы Қазақстан мен Словенияға қарсы кездесу жайлы пікірін ортаға салды.

Аустриялық қорғаушы: қарсыластың ешқайсысына жоғарыдан қарауға болмайды
Максимилиан Вебер

Ұлттық команда осы бейсенбіде Аустрияны қабылдайды. Қос команданың бірінші бәсекесінде Ральф Рангниктің шәкірттері 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Қазақстан, әрине, ыңғайсыз қарсылас. Арақашықтықтың алыстығына байланысты да солай. Біз тағы өзіміздің жақсы футболымызды паш етіп, А Лигасына қайтып оралуға лайықты екенімізді көрсетуіміз керек. Словениямен сырт алаңда қандай ыңғайсыз қарсылас екенін байқадық. Алдағы екі қарсыластың ешқайсысына жоғарыдан қарауға болмайды, алайда, мақсат айқын, меніңше оның қандай екенін мұндағының барлығы біледі», - деді аустриялық қорғаушы.

Естеріңізге саламыз, қарашаның 14-нде Қазақстан Аустрияны қабылдайды, ал үш күннен кейін сырт алаңда Норвегияға қарсы тұрады. Станислав Черчесов жаттықтыратын қазақстандық команда Ұлттар Лигасындағы өзінің тобында бір ұпаймен соңғы орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 4
Күлкілі 4
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×