Аустрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник Қазақстанмен болатын матч жайлы пікірін білдірді.
Айта кетейік, Аустрия-Қазақстан кездесуі 10-қазанда болады.
«Жаңадан бірдеңе ойлап табудың қажеті жоқ. Бізге «Гарлем саяхатшыларының» футболы да керек емес. Бірақ ендігідегі қарсыластарымызға қайтадан қобалжуға тура келеді. Қазақстанмен менің осы айтып тұрғаным іске асуы тиіс. Қазақстанды «міндетті түрде» ұту керек дегеннің ешқандай баламасы болмаса, Норвегиямен жағдай әрине сәл басқашалау», - деген еді Аустрияны тізгіндейтін неміс маманы.
Естеріңізде болса, Қазақстан Ұлттар Лигасындағы екі турдан кейін бір ұпаймен Словения, Норвегия мен Аустриядан кейін ең соңғы орында тұр. Линцтегі ойыннан кейін отандастарымыз 13-қазанда Словениямен жолығады. Бұл бәсеке Алматыда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET