Талай дарынды аяқдоп шеберлерін дайындап шығарған киелі Әулиеата өңірінің Жамбыл ауданы Түрксіб ауылында бүгінгі күні жасөспірім спорт мектебі бар. Аты айтып тұрғандай жасөспірімдерді, яғни мектеп қабырғасындағы оқушыларды ғана қабылдайды. Мектеп табалдырығын тәмәмдаған соң барлық бала қала кезіп, өзі таңдаған спорт түрін жалғастырып кетеді дегенге сену қиын. Сонымен сен таңдаған спорт түрі апам айтпақшы «әдірәм» қалады. Бұл – бір! Екінші бір мәселе, бапкер төңірегінде. Мұндағы «бапкерлер» деген тек аты ғана. Тәжірибесі мол, күш-қайраты тау қопармаса да, спорт иісін сезбейтін «бапкерден» басқа бір жан табылмағаны тағы да көңіліңді құлазытады. Ал, бұл мектепте футбол секциясы мүлде болмаған. Таяу арада бола да қоймас. Тек ауыл жастары жоғарыда айтылған әлгіндей «стадиондарда» арам терін төгіп қайтқаннан басқа бітіріп жатқаны шамалы. Бірақ, ауыл балаларының нөмірі бірінші спорт түріне деген қызығушылығын, ынталылығын қажетті шамада екенін көзі ашық спортсүйермен бірден аңғарады. Тек осының басын құрап, ауыл жастарының физикалық әлеуеті мен техникасын ұштастырып, кәсіби түрде баулитын бапкер болса дейсің.
Біздің мұнымыз «тырнақ астынан кір іздеу» емес, естір құлақ, көрер көз болса, ауыл футболының ахуалына мән берсе, шын жанкүйердің шырылын сезініп, қажетті деңгейде көңіл қойып, бет бұрса деген ниет қана.Нұржан ТУҒАНБАЙ
Біздің серіктес: FONBET