“Аузынды жапшы!”. Әлем чемпионы Криштиану Роналдуды қатты сынады

04.03.2024, 20:32

“Челси” мен Франция ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Франк Лебеф Роналдудың мәлімдемесіне жауап қайтарды, деп жазады Аладоп.кз.

“Аузынды жапшы!”. Әлем чемпионы Криштиану Роналдуды қатты сынады

Португалдық футболшы өзі өнер көрсетіп жүрген Арабия чемпионатының деңгейі Франция біріншілігіне қарағанда жоғары екенін тілге тиек еткен болатын. 

“Маған Роналдудың Франция чемпионаты жайлы айтқан мәлімдемесі мүлде ұнамады. Ол неге Сауд Арабия мен Франция біріншілігін салыстырады? Бұған басты себеп, 1 Лигада Лео Месси өнер көрсеткен. 

Мен Роналдуды сыйлаймын. Бірақ оның осы жағдайға байланысты аузың жауып, үңсіз қалғанын қалаймын. Оның Франция біріншілігі жайлы айтқан сөздерінің еш мәнісі жоқ. 

Криштиану болмаса Португалия құрамасы Еурода жеңіске жететіндігіне нық сенімдімін.

Мен Роналдуға футбол үшін сіңірген еңбегіне алғысымды білдіремін. Алайда абыройлы, жұлдызды ойыншының мұндай майда әңгіме айтуы дұрыс емес”, - деп айтады Лебеф.

Еске салсақ, Франк Лебеф Франция құрамасымен бірге 1998 жылғы ӘЧ мен 2000 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 9
Күлкілі 2
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×