«Тобол» кезекті футболшымен келісім-шартқа қол қойды.
Бүгін қостанай клубының құрамын петропавлдың «Есіл-Богатырь» мен «Ақтөбе» клубтарында ойнаған белгілі жартылай қорғаушы – Евгений Аверченко ресми түрде толықтырды.
Клубқа Аверченко екінші ОЖЖ-ның басында қосылды, бірінші жиынға Евгений «Қайрат» командасымен барған.
Өзінің кәсіптік мансабын Евгений елінде – петропавлдың «Есіл-Богатырінде» 2001 жылы бастаған. Солтүстік-қазақстан клубының құрамында Евгений барлығы жүз матчта ойнаған. 2009 жылы Евгений «Ақтөбе» командасының қатарын толықтырды, қызыл-ақтар құрамында Аверченко Қазақстан чемпионы және Суперкубок иегері болған. Футболшы ойындарының толық мәліметін қапталда көруге болады
«Тоболдың» жаңа футболшысы – Евгений Аверченконың халықаралық мәртебелі матчтарда ойнаған тәжірибесі де бар, Қазақстан құрамасында ол 9 ойын өткізген.
«Тобол» ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET