Австрия құрамасы Украинаны минималды есеппен жеңді

22.06.2021, 05:28
Австрия матч бойы үлкен басымдыққа ие болды.
Австрия құрамасы Украинаны минималды есеппен жеңді

Бүгін, 21 маусымда Украина құрамасы Австрия құрамасымен кездесті. Матч Бухаресттегі (Румыния) Ұлттық стадионда өтіп, 1:0 есебімен Австрия жеңіске жетті. Кездесуде түркиялық Джунейт Чакыр бастаған төрешілер тобы қызмет етті.

Ойын барысында австриялықтар үлкен басымдыққа ие болды. Матчтағы алғашқы голды 21-минутта Кристоф Баумгартнер соқты. 32-минутта жеңісті голдың авторы алаңдағы орнын босатты. Футболшы өзін нашар сезінді, бірақ медициналық қызметкерлермен сөйлескеннен кейін ол матчты жалғастыруға тырысты. Алайда, өзін қайтадан нашар сезінгендіктен, алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Естеріңізге сала кетейік, С тобында украиналықтар мен австриялықтардан басқа Голландия мен Солтүстік Македония құрамалары ойнады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Нидерланды турнирлік кестеде бірінші (9 ұпай), Австрия (6) - екінші, ал Украина - үшінші (3). Солтүстік Македония (0) - ең соңғы орынға ие болды..

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×