Австрияны экстра-таймда жеңген Италия құрамасы келесі кезеңге жолдама алды

27.06.2021, 08:57
«Скуадра Адзурра» келесі кезеңде Бельгия - Португалия жұбының жеңімпазымен кездеседі
Австрияны экстра-таймда жеңген Италия құрамасы келесі кезеңге жолдама алды

Италия құрамасы Еуропа Чемпионатының 1/8 финалында Австрия құрамасына қарсы матч өткізді. Кездесу Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтіп, 2:1 есебімен Италия жеңіске жетті.

65-минутта Австрия құрамасының шабуылшысы Марко Арнаутович гол соққан еді, бірақ VAR жүйесін қолданып голған бас төреші бұл голды жоққа шығарды. Осылайша, матчтың негізгі уақыты тең есеппен аяқталды.

Экстра-таймның 95-минутында Италияның жартылай қорғаушысы Федерико Кьеза айып алаңында керемет ойнап, есеп ашты. Он минуттан кейін Маттео Пессина есепті еселеді. 114-минутта австриялық шабуылшы Саша Калайджич бір гол соқты - 2:1.

Италия құрамасы Еуро-2020 турнирінің ширек финалына шықты және осы кезеңде Бельгия - Португалия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×