«Аякс» қорғаушысы «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

02.11.2020, 00:27
Қорғаушының бойы 193 см-ді құрайды екен.
«Аякс» қорғаушысы «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

"Ливерпуль" 20 жастағы "Аякстың" орталық қорғаушысы Перр Схюрске қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Mirror.

Дереккөздің хабарлауынша, команданың бас жаттықтырушысы Юрген Клоппқа Схюрстің УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Ливерпуль" - "Аякс" (1:0) матчындағы ойыны әсер етті. Хабарланғандай, ойыншының ауысуы қысқы трансферлік кезеңде орын алуы мүмкін.

Еске салайық, "Ливерпуль" Вирджил ван Дейктың орнын басатын қорғаушы іздеп жүр, ол "Эвертонмен" матч кезінде алған ауыр жарақатының салдарынан маусымның қалған бөлігінде ойнай алмауы мүмкін.

Схюрс "Аякс" құрамына 2018 жылдың жазында қосылды. Бұған дейін ол «Фортуна» клубының намысын қорғады. Ол "Аякс" сапында 29 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 сары қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×