«Аякс» қорғаушысы мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін

21.03.2022, 16:37
Клуб басшылығы футболшыны қаңтар айында жібермей қойған болатын.
«Аякс» қорғаушысы мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін

«Аякс» қорғаушысы Николас Тальяфико жазғы трансферлік терезеде амстердамдық клубтан кетуге ниетті, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо. Ол мансабын «Барселонада» жалғастырғысы келеді.

Қаңтардағы трансферлік терезеде «Аякс» басшылығы Тальяфиконы «Барселонаға» жіберуден бас тартқан болатын. Аргентиналық футболшының голландиялық клубпен қазіргі келісім-шарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Тальяфико осы маусымда «Аякс» жейдесінде 22 ойынға қатысып, екі гол мен үш нәтижелі пасты өз атына жазды.

Айта кетейік, Николас қысқы трансферлік терезеде «Барселонаға» ауыса алмауына байланысты бұрынғы агентінің қызметінен бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×