«Аякстың» 11 ойыншысы коронавирус жұқтырды

03.11.2020, 03:48
Ертеңгі ойынға бірде-бір матч өткізбеген қақпашы шығады.
«Аякстың» 11 ойыншысы коронавирус жұқтырды

«Аякс» командасының 11 футболшысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды RTL.de.

"Аякс" Чемпиондар лигасындағы "Мидтьюлландпен" болатын ойын үшін Данияға 17 ойыншымен барды. Клуб коронавирус жұқтырған ойыншылардың есімдерін жарияламады.

"Аякс" командасының құрамына бір ғана қақпашы кірді, ол негізгі команда үшін бірде-бір матч өткізбеген Кьелл Схерпен. Қақпашылар Андре Онана мен Мартин Стекеленбургтен басқа "Аякс" клубының үздік ойыншылары Дэви Классен, Райан Гравенберх және Душан Тадич Чемпиондар Лигасы матчына шақырту алмады.

Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің 3-турындағы "Мидтьюлланд" - "Аякс" матчы ертең, 3 қарашаға жоспарланған. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×