«Аякстың» негізгі қақпашысы бір жылға футболдан шеттетілді

06.02.2021, 02:17
Онана бұл дәріні қателесіп ішкенін мәлімдеді.
«Аякстың» негізгі қақпашысы бір жылға футболдан шеттетілді

"Аякстың" негізгі қақпашысы Андре Онана бір жылға футболдан шеттетілді.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 жастағы футболшы допингпен ұсталған. Өткен жылдың 30 қазанында команда кезектен тыс тест тапсырды, нәтижесінде Андренің допинг-сынамасынан фуросемид табылды. УЕФА Онананы 12 айға дисквалификациялау туралы шешім қабылдады. Санкциялар барлық турнирлерге, соның ішінде ұлттық құрамаға да қатысты екендігі атап өтілген.

Амстердамдық клубтың мәлімдемесінде тыйым салынған препарат Онананың денесіне кездейсоқ түскені айтылады - ол қателесіп әйелінің дәрі-дәрмегін ішкен.

Аякс пен Онана УЕФА шешіміне қарсы шығуға тырысады. Жақында олар спорттық арбитраждық сотқа (CAS) шағымданады.

Онана "Аякс" сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда камерундық қақпашы Голландия чемпионатында 20 матч өткізіп, 15 гол жіберіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×