Азамат Айтхожин: «Қазақстан футбол федерациясы құрама командалар үшін биыл мемлекет бюджетінен 200 миллион теңге қаржы алды. Миллиардтар туралы ақпарат жалған»

16.11.2021, 03:21
Ұлттық құрамамыз келесі жылдан бастап УЕФА-дан және демеушілерден түскен ақшамен күн көрмек.
Азамат Айтхожин: «Қазақстан футбол федерациясы құрама командалар үшін биыл мемлекет бюджетінен 200 миллион теңге қаржы алды. Миллиардтар туралы ақпарат жалған»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франциямен өткен ойынның (0:8) нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

«Біріншіден, Франциямен ойындағы сәтсіздік үшін отандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз әрбір жеңілісті ауыр қабылдаймыз. Тағы бір айтарым, негізгі құрамдағы ойыншылардың көпшілігі жарақатына байланысты Парижде ойнай алмады. Бүгінгі таңда бізде ұлттық құраманың резерві жоқ екенін айта кеткен жөн. Команда көшбасшыларын ауыстырған ойыншылар халықаралық деңгейде ойнауға әлі дайын емес.

Қоғамда айтылып жатқан сынға келетін болсақ, мен ашық айтайын: осы және өткен жылдары Қазақстан футбол федерациясына мемлекет бюджетінен 200 миллион теңге бөлініп, ол түрлі жастағы (U17, U19, U21), Blind-Football (зағип жандарға арналған футбол), әйелдер, жағажай және футзал командаларының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға және жарысқа қатысуы үшін жұмсалды. Қандай миллиардтар туралы айтып отырғанын түсінбедім?

Келесі жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік құрылымдар тарапынан жасалатын қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА-дан түскен қаражат есебінен, сондай-ақ демеушілерден ақша тарту арқылы қаржыландырылады.

Сондықтан ұлттық құраманың сәтсіздігінен кейін өзін жарнамалағысы келетін сыншыларға айтарым: тым болмаса мәселені тереңінен түсініп көріңіз, бос сөз айтпас бұрын материалды зерттеңіз. Біздің елде футбол әрқашан болған және әрі қарай да бола береді. Бұл миллиондаған адамдар қызығатын нөмірі бірінші спорт түрі. Әрине, оны жаңа деңгейге көтеру үшін уақыт пен футболға бей-жай қарамайтындардың қолдауы қажет. Ұлттық құрама жеңіске жеткенде, кешегі таққан айыптарыңды ұмытып, үнемі қолдадым дейсің. Сондықтан, жеңілген күнде де, жеңіске жеткен кезде де әрқашан командамен бірге болу керек.

Сондай-ақ алдағы уақытта ұлттық құраманың бас бапкерімен бірге қоғамды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беру мақсатында жетекші спорт журналистерімен кездесу өткізетінімізді айта кетейін», - деді Айтхожин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.585
П2
2.232
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.405
Ничья
3.85
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.075
Ничья
3.79
П2
1.936
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.159
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×