ASnews хабарлауынша, 18 жастағы шабуылшы Чемпионшиптегі Ковентри клубының назарына ілігіпті.
Қазірде “Челси” аңызы Френк Лэмпард баптайтын команда ішкі чемпионатында 9 тур қорытындысы бойынша 19 ұпай жинап, турнир кестесінде 1 орында келеді.
“Ковентри” клубының Азамат Тұяқбаевқа қызығушылығы “Спортингпен” болған ойын кезінде туған. Лиссабонда қонақтаған Англия командасының ресми өкілдері матчта дубль жасаған қазақ баласының ойыны жайында басшылық тарапқа жеткізіпті.
18 жастағы Тараз тумасына бүгінде назар көп аударылуда. “Қайраттың” негізгі командасыменде гол соғып жүрген Тұяқбаев Дастан Сәтпаевтан кейінгі Қазақстандағы жаңа футбол жұлдызы деушілер қатары көбеюде.