Азамат Жомартов мансабындағы алғашқы жүлдесін жеңді

Қақпашы Ыстық-Көл намысын қорғайтын “Барс” ұжымымен топ жарды. 

Азамат Жомартов мансабындағы алғашқы жүлдесін жеңді

“Барс” командасы Қырғыз Премьер-лигасының 26-турында 61 ұпай жинап, чемпиондық тондоға қол жеткізді. Бір қызығы күміс жүлдегер атанған “Мурас Юнайтедпен” Ыстық-Көл командасы арасын небәрі 1 ғана ұпай бөлді.

“Барс” ұжымы сапында тіркелген қақпашы Азамат Жомартов чемпион атанғаны үшін командаластарымен бірге Федерациядан 70 мың АҚШ доллар алды. 

Мансабындағы алғашқы трофейін жеңген Азамат өз елінде “Атырау”, “Ордабасы” және “Жетісай” клубтарында өнер көрсетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қырғызстан
Aladop Youtube
×