Азар Канада мен Бельгия арасындағы өткен ойынға тоқталды

24.11.2022, 16:32
Азар Канада мен Бельгия арасындағы өткен ойынға тоқталды

Эден Азар:

"Қандай сезімдемін? Жеңілдеу бойымда сезіліп тұр. Уф, біріншіден Куртуаға рақмет, және Батшуайға оның голы үшін алғыс айтамын. Бұл матч оңайға соқпады. Канада мықты ұжым екен. Олар бізге біраз қауіп төндірді. Алдағы ойындарын дәл осы қарқынмен жалғастырады деген ойдамын.


Біз бірінші тайм бітер алдыңда гол соқтық. Алайда, матчты бір гол айырмашылығымен бітіру бізге тән жағдай болмауы керек. Келесі ойындарға тыңғылықты дайындықпен ат салысамыз. Өзімнің ойыным көңілімнен шықты. Менде барлығы дұрыс екеніне көзім жетті".


Айта кетейік, Бельгия - Канада ойыны 1:0 есебімен аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×