«Тобылдың» капитаны, көшбасшысы Азат Нұрғалиев қостанайлықтарды чемпионаттағы жеңіспен құттықтады:
- Құрметті жанкүйерлер! 11 жылдан соң Қостанайға чемпионаттың алтын медалі оралды. Мұның дәрежесі өте жоғары, қазір біз эмоцияға ерік беруіміз мүмкін, біраз уақыттан соң бәрін түсінеміз деп ойлаймын. Шынымен де біздің команда үлкен жұмыс атқарды.
Үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Архимед Бегежанұлына алғыс білдіреміз, пандемияға және елдегі үлкен проблемаларға қарамастан ол командаға үлкен көңіл бөлді, әрқашан қасымызда болды.
Сондай-ақ жаттықтырушылар штабына, Александр Васильевич Москаленкоға рахмет айтамын. Маусым басында команданы Григорий Константинович Бабаян баптады, оның да еңбегі көп. Көптеген мәселелер болды, жаттықтырушылар штабы өзгерді, командада өзгерістер болды, бұл — қалыпты жағдай. Қалай дегенмен де бұл сынақты бірігіп өттік.
Құрметті жанкүйерлер, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымыз шексіз, өйткені футбол сіздер үшін ойналады, біз сіздер үшін ойнаймыз! Қостанай жұртшылығын алтын медальмен тағы да құттықтағым келеді!
Біздің серіктес: FONBET