Азат Нұрғалиев: «Бұл жеңісті жанкүйерлерге арнаймыз»

07.03.2021, 02:43
Азат бүгін шешуші пенальтиді сәтті орындаған болатын.
Азат Нұрғалиев: «Бұл жеңісті жанкүйерлерге арнаймыз»

Қостанайлық "Тобылдың" капитаны клуб жанкүйерлерін Суперкубок ойындарындағы жеңіспен құттықтады:

– Алдымен, бұл жеңісті барша Қостанай облысының тұрғындарына, жанкүйерлерге арнаймыз. Біздің әр қуанышымыз сіздердің қолдауларыңыздың арқасында. Рас, ойын оңайға соққан жоқ. Алаңның әр шебінде талас-тартыс жүрді. Ойын соңындағы пенальти лотореясында біздің жолымыз болды.

Намысты қолдан бермеген жігіттерге ризамын. Біз осы турнирдегі басты мақсатымызға жеттік. Тағы да жанкүйерлерімізді осынау жарқын жеңіспен құттықтаймыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×