Азат Нұрғалиев - Премьер-лигада ең көп матч өткізген 5-ші ойыншы

22.09.2020, 19:25
Тағы үш ойынға қатысса, 4-орынға көтеріледі екен.
Азат Нұрғалиев - Премьер-лигада ең көп матч өткізген 5-ші ойыншы

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 10-тур ойындары басталады. Алғашқы ойын "Тобыл" - "Оқжетпес" арасында өтеді. Осы кездесуде "Тобыл" капитаны Азат Нұрғалиев ерекше жетістікке қол жеткізуі мүмкін.

Қазіргі кезде Нұрғалиев Премьер-лиганың 424 матчына қатысқан екен. Азат бүгінгі ойында алғашқы минуттан бастап өнер көрсететін болады. Демек, ол бесінші орында тұрған Руслан Гумарды артқа тастайды. Қазақстандық қорғаушы ҚПЛ-де жалпы 424 кездесуге қатысып, 55 гол соққан екен. Премьер-лигада 426 матч өткізген Игорь Юрин төртінші орында тұр. Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы ҚПЛ-де 44 гол соққан.

(инфографиканы жасаған - Рабиға Сатыбалды)

Үздік үштікті 452 ойын өткізген Самат Смақов түйіндеп тұр. Оның еншісінде 69 гол бар. Қазақстан чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Серік Жейлетбаев 457 ойын өткізген. Жартылай қорғаушы Премьер-лигада 63 гол соғып үлгерген екен. Қазақ футболының аңызы Нұрбол Жұмасқалиев ҚПЛ-де ең көп матч өткізген ойыншы болып табылады. "Тобыл" клубының аты аңызға айналған шабуылшысы 166 голдың авторы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×