"Тобылдың" жартылай қорғаушысы әрі капитаны Азат Нұрғалиев "Қызыл-Жарға" қарсы ойында (0:2) өзінің Қазақстан Премьер-лигасындағы 458-ші кездесуін өткізді.
Осылайша, "Тобылдың" капитаны Серік Жейлітбаевты айналып өтіп, Премьер-лигада ең көп ойын өткізген екінші ойыншы атанды. Қазақстан чемпионатында Азат Нұрғалиев 2004 жылы 15 сәуірде Қызылордада "Қайсарға" қарсы матчта дебют жасады.
Азат Нұрғалиев Премьер-лигада 458 кездесу өткізіп, 88 гол соқты.
Премьер-лигада ең көп ойын өткізген футболшылардың тізімі (1992-2021 ж):
1. Нұрбол Жұмасқалиев - 523 матч;
2. Азат Нұрғалиев - 458;
3. Серік Жейлітбаев - 457;
4. Самат Смақов - 452;
5. Мақсат Байжанов - 446.
Біздің серіктес: FONBET