Азат Нұрғалиев: «Жалпы жігіттер жаман ойнаған жоқ»

29.03.2021, 16:06
Қазақстан бұл матчта Франция қақпасына бірде-бір дәл соққы жасай алмады.
Азат Нұрғалиев: «Жалпы жігіттер жаман ойнаған жоқ»

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Азат Нұрғалиев Франциямен болған матч туралы өз ойын ортаға салды.

- Біз бүгін әлем чемпиондарына қарсы ойнағанымызды ұмытпайық. Мұндай матчтар үлкен тәжірибе үшін керек. Бұл команданың деңгейі басқа, ойын мәнері өзгеше. Ойынға келсек, қорғаныстағы қателіктеріміз бен стандарттан кейін жіберілген автогол еңсемізді түсірді. Шамамен 70 минут ойнаған соң жоғары жылдамдықта әрекет жасай алмадық. Рас, мынадай жылдам ойын қарқынына ілесу мүмкін болмады. Осы тұрғыда оңайға соққан жоқ.

Жалпы жігіттер жаман ойнаған жоқ. Кей сәттерде командалық ойын үлгісін көрсете білдік. Жақсы шабуылдар ұйымдастырып көрдік, алайда дәлдік жетіспей жатты. Әлі де жұмыс істейміз, алдағы матчтарға дайындық керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×