Ағдамдық "Қарабақ" Лиссабондағы әйгілі "Эштадиу да Луж" стадионында тарихи сенсация жасады. Азербайжандық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ойынында Португалия алпауыты "Бенфиканы" өз алаңында 3:2 есебімен жеңді.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ "Бенфика” басымдығын байқатып, 16 минут ішінде екі гол соғып үлгерді. 6-минутта Энцо Барренечеа есеп ашса, 16-минутта Вангелис Павлидис есепті 2:0-ге жеткізді. Көрермендер Португалиялықтардың оңай жеңетініне сеніп үлгергенде, "Қарабақ” нағыз қайсарлық танытты.
30-минутта Леандру Андраде есепті қысқартса, екінші таймның басында Камило Дуран таразы басын теңестірді. Ал 86-минутта Алексей Кащук жеңіс голын соғып, Лиссабонды үнсіз қалдырды.
Осылайша “Қарабақ” Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен тарихтағы алғашқы Азербайжандық команда команда атанды.
Енді 1 қазанда "Қарабақ” өз алаңында Даттық "Копенгагенді" қабылдайды.