Ажалы Мессиді көруге жеткізбеді

03.02.2015, 22:10
Ажалы Мессиді көруге жеткізбеді

Асқазан қатерлі ісігімен ауыратын коста-рикалық 8 жасар баланың соңғы тілегі орындалмай қалды. Ол өмірінде бір рет Лионель Мессиді көруді армандаған екен. Бірақ, аргентиналық футболшымен кездесуге бір сағат қалғанда бақилық болыпты.

Қаза тапқан Габриэль есімді баланың туыстары Лионель Мессимен байланысқа шығып, жеке кездесу ұйымдастыруына рұқсат алған. Іс-шара 1-ші ақпан күні каталондық клубтың «Вильярреал» командасымен өтетін ойыны алдында өткізуге жоспарланған. Бірақ коста-рикалық бала кездесуге бір сағат қалғанда дүниеден озған. Қайғылы оқиға Мадридтен Барселонаға ұшақпен ұшар алдында орын алыпты.

Каталондық «Барселона» командасының футболшылары мен басшылығы жас баланың дүниеден озуына байланысты, отбасына көңіл айтқан. Сонымен қатар, оның денесін еліне жеткізу жолындағы барлық шығындарын көтеруді мойындарына алыпты.

Лионель Мессидің аталған оқиғаға байланысты қандай күйде болғаны, қандай қадам жасағаны белгісіз. "Камп Ноуда" өткен ойынның ертесіне футболшы жеке басының себептеріне байланысты команданың жаттығуына келмеген.

Massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×