Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдері алдағы Азия Кубогын өткізу құқығына ие бола алмай қалуы ғажап емес.
2031 жылғы Азия Кубогын өткізу үшін жоғарыда аталған үш мемлекет АФК-ға арнайы ұсыныс жасаған болатын. Алайда Конфедерация Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің ұйымдастырушылық қабілетіне сенім артпай отыр. Одан тағысы, бұл мемлекеттердің спорттық инфрақұрылымы толықтай дерлік ФИФА мен АФК талаптарына сай емес.
Сол себептен, алдағы турнирді өткізу құқығы Аустралия, Кувейт, Индонезия және Оңтүстік Кореяға берілуі мүмкін. Аталған елдердің Азия Кубогын өткізу тәжірибесі бар.
Айтпақшы, жақын арада болатын 2027 жылғы Азия турнирін Сауд Арабиясы қабылдайтын болады.