Азия футболында жаңа кезең – АФК Ұлттар лигасы құрылуы мүмкін

21.12.2025, 15:55

Азия футбол конфедерациясы жақында құрлық футболының картасын өзгертетін жаңа турнир —АФК Ұлттар лигасын құратыны туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Азия футболында жаңа кезең – АФК Ұлттар лигасы құрылуы мүмкін

Жаңа турнир Еуропа тәжірибесіне жақын, яғни УЕФА Ұлттар лигасы форматында өткізілуі мүмкін. Онда Азияның ұлттық құрамалары өздерінің рейтингтеріне қарай дивизиондарға бөлінеді. Әр команда өз деңгейінде бәсекелесіп, жоғарғы дивизионға көтерілу және маңызды турнирлерге, оның ішінде Азия Кубогына жолдама алу үшін күреседі.

Бұл жүйенің ең үлкен артықшылығы — тең мүмкіндік берілуі. Яғни, мықты командалар тұрақты түрде жоғары деңгейдегі матчтарға қатысса, салыстырмалы түрде әлсіз құрамалар да өз деңгейінде халықаралық ойындарды өткізумен тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болады. 

АФК Бас хатшысы Уиндзор Джонның айтуынша, аталмыш турнир ұлттық құрамаларға нақты күнтізбе, жоғары сапалы кездесулер және шынайы спорттық ынталандырулар ұсынады. Сонымен қатар, жаңа формат жанкүйерлер мен коммерциялық серіктестер арасында да үлкен қызығушылық тудыруда.

Әзірше турнирдің нақты форматы мен басталу күні құпия сақталуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×