Азия Кубогі: Финалда Өзбекстанға бірнеше минут жетпей қалды

04.05.2024, 07:26

Кеше Дохада болған Азия Кубогінің финалында екі үздік құрама- Жапония мен Өзбекстан кездесті

Азия Кубогі: Финалда Өзбекстанға бірнеше минут жетпей қалды
Өзбекстан U-23 командасы

23 жасқа дейінгі жастар құрамаларының шешуші сынындағы жеңіс жапондарға бұйырған болатын. Матчтағы жалғыз голды 90+1-минутта Фуки Ямада соқты. Сонымен, биылғы Азия Кубогінің иегері - Жапония құрамасы. Сондай-ақ, жарыс қортындысында үздік болған үш команда (Жапония, Өзбекстан мен Ирак) Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алып отыр. Мұның алдында Азия Кубогінде бас жүлдені еншілеген Сауд Арабиясын ширек финалда Өзбекстан ұтып кеткен болатын.

Жалпы, осы турнир барысында Тимур Кападзе жаттықтыратын өзбекстандық жастарға біраз елдің функционерлері қызығушылық танытты деген ақпарат бар. Арасында "Қайрат" командасының да аты жүр. Осы туралы толық мына материалдан https://aladop.kz/post/zhazda-kairattyn-kataryn-tagy-da-bir-ozbekstandyk-futbolshy-toltyruy-mumkin-47787/ оқуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×