Әзірбайжан чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды

22.06.2020, 04:47
Кезекті бір чемпионат аяқсыз қалды.
Әзірбайжан чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды

Әзірбайжан футбол федерациясы коронавирустың таралу қаупіне байланысты ұлттық чемпионатты мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Ел чемпионы және УЕФА клубтық жарыстарына қатысатын командалар турнирлік жағдайға сәйкес анықталады. Сөйтіп, "Карабах" Әзірбайжанның чемпионы атанды, ол «Нефтчиден» сегіз ұпай алда болды. Үшінші орынды «Кешля» клубы иеленді.

Еске салсақ, коронавирустық пандемияға байланысты Бельгия, Нидерланды, Франция және Уэльстің чемпионаттары мерзімінен бұрын аяқталды. Нидерландыда чемпионды анықтамау туралы шешім қабылдады. Франция чемпионы "Пари-Сен-Жермен", Бельгияда "Брюгге", Уэльсте "Коннас Куэй" чемпион ретінде танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×