Әзірбайжанды ұта аламыз ба? Көзқарастар, болжамдар

02.06.2011, 19:19
Әзірбайжанды ұта аламыз ба? Көзқарастар, болжамдар
Саламат ОМАШ, "31-арна" тележүргізушісі: Қазақстанның жеңіске жетуі қиын. Менің ойымша есеп 2:2 болады. Қарсыластар бір-бірін ала алмайды. Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ, "Алматы" телеарнасының спорт шолушысы: Қазах кұрамасы көптен бері жеңістің дәмін татқан жоқ. Егер өзімізбен деғгейлес Әзірбайжаннан ұтылсақ жеңістің ауылы одан сайын алыстай туседи... Сондықтан, тек жеңіс керек. Есеп 3:2. Еркін ШӘКІРҰЛЫ, "ХИТ тв" телеарнасының қазақ бөлімінің редакторы: Ұлттық құрамаға жаңа бапкер келгенде оның Еуропа жане әлемдегі алпауыт саналатын Германияға қарса аса уакыты бола коймады. Және сол аралықта футболшыларды да толық танып үлгермеді деген пікірідемін. Енді болатын ойынға тың тәсіл қолданатын шығар. Әзірбайжан өзімізбен деңгейлес құрама ғой. 2-1 есебімен жеңеміз. Елжас ӘУРЕН, Футбол шолушысы, "ДАТ" газетінің тілшісі: Осы матчты ұтпасақ онда таза біткеніміз. Өл-тіріл ұту керек. Дәл осындай атмосфера бар қазір. Футбол федерациясындағылар да қазір кез-келген әдіс қолданса да, осы матчта жеңіске жетуді ойластырыуда. Сондықтан да, ертеңгі кездесуде Қазақстан жеңіске жетеді деп сенімді айта аламын. Қорғаныстан шабуылға сауатты шығуды үйренген біздің жігіттерге, осы күндері Беранек соңғы шабуылды қалай жасау керектігін, және соңғы соққының қалай, қайдан болуына мән беруде. Құраманың ойыншылары да дәл қазір Қазақстандағы ең үздіктер. Сондықтан да қорқатын ештеңе жоқ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
«О-о, Месси!..»
Серіктес жаңалықтары
×