Азия чемпиондар лигасының финалистері анықталды

28.10.2011, 20:15
Азия чемпиондар лигасының финалистері анықталды
Азия чемпиондар лигасының финалында өнер көрсететін командалардың есімі белгілі болды. Жартылай финалдың бірінде катарлық клуб “Аль-Саад” Оңтүстік Кореяның “Сувон” клубын қабылдаған болатын.Шешуші ойынға тастүйін дайындықпен келген қонақтар небәрі 7-минутта есеп ашты. Бұрыштан көтерілген допты асқан шеберлікпен тоқтата білген Чан-ын О қақпашыны қапыда қалдырды. Қалған уақытта алаң иелері есепті теңестіруге барын салғанымен,  еш нәтиже шықпады. Қортынды есеп – 0:1,кореялықтардың пайдасында. Алайда қос ойынның нәтижесі бойынша катарлық клуб ақтық бәсекеде ойнау құқына ие болды. Ал екініші жартылай финалда Кореяның тағы бір клубы “Чонбук” өз алаңында “Аль-Иттихадты” 2:1 есебімен ұтып, финалға жолдама алды. Бұл матчта Бразилиялық легионер Энинью екі мәрте қарсыласының  қақпасын дәл көздеді. Енді ақтық бәсекеде катарлық “Аль-Саад” пен оңтүстіккореялық “Чонбук” өзара кубокты сарапқа салатын болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×