Азияның 2020 жылғы үздік ойыншысы анықталды

05.01.2021, 00:47
Сон Хын Мин қарсыластарынан үлкен басымдықпен озып кетті.
Азияның 2020 жылғы үздік ойыншысы анықталды

Fox Sports Asia твиттердегі парақшасында Азияның 2020 жылғы ең үздік футболшысына дауыс беру нәтижелерін жариялады.

"Тоттенхэм Хотспурдың" шабуылшысы Сон Хын Мин 286 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Екінші орынға "Зениттің" ирандық шабуылшысы Сердар Азмун тұрақтады. Ол 89 ұпай жинады. Үздік үштікті Оңтүстік Кореяда "Ульсан Хёндэ" клубының шабуылшысы Жуниор Неграо (83 ұпай) түйіндеді.


Сон бұл жүлдені қатарынан төртінші мәрте ұтып алды. Сонымен қатар Сон Хын Мин бұған дейін Оңтүстік Кореяның жыл ойыншысы атанған болатын. Ал оның "Бёрнли" қақпасына соққан голы Пушкаш премиясына ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×