Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан да матч алдында өз ой-пікірін білдірді.
“Бұл іріктеу кезеңі біз үшін қиынға соғуда. Оңай қарсылас жоқ. Әлемдік додаларға қатысып жүрген мықты құрамалар бар. Алдыңғы ойында “қызыл қағаз” жоспарымызды бұзды. Оның үстіне Аустрия өте мықты ұжым екенін білесіздер. Ал ертеңгі ойынға келер болсақ жақсы нәтижеге жету үшін барымызды саламыз. Өкінішке қарай, осы іріктеуде гол соққан жоқпыз. Ертең сол олқылықтың орнын толтырып, жанкүйерлерді қуантқымыз келеді. Соңғы ойын білеміз. Сондықтан қолдан келгенше нәтиже көрсетуге тырысамыз. Ал құрамаға жастар қосылып жатқанына қуанамыз. Буын алмасу процесінің жүруі ол заңдылық. Біз де кезінде жас болдық, ұлттық құрамада ойнауға ұмтылдық. Сондықтан, жастар жақсы жағынан өзін көрсетсе тек қуанамын.”
Біздің серіктес: FONBET