Бәрі фактпен. Статистика алдамайды

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
16.09.2024, 15:19

Анау анандай, мынау мынандай дегенді қойыңдар. Фактпен сөйлейік. 

Бәрі фактпен. Статистика алдамайды

Қазақстан Кәсіпқой лигасының ресми сайты бізге мынандай статистика ұсынып отыр. Қарап шолып шығайық та, өзіміз іштей ойланайық. 

Қандай жайттар тіркелді?

- 6 матчта 14 гол соғылды.

- 26 сары қағаз көрсетіліп, 3 футболшы алаңнан қуылды.

- «Астана» клубы осы маусымда ең көп 7 пенальти теуіп, оның төртеуін голға айналдырды.

- «Жеңіс» осы маусымда 3 мәрте жеңіске жетіп, барлық голдарын тек бірінші таймда соққан.

- «Жеңіс» араға 12 тур салып және шамамен 5 айдай уақыттан кейін 3 ұпай еншіледі.

- Барлық 6 кездесуде алаң иелері басым түсті.

- «Жетісу» клубы ғана осы турда бірде-бір тура соққы бағыттамады.

- «Ақтөбе» клубы 4 матчқа созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.

- «Елімайдың» жеңіс сериясы 4 матчқа жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні сағат 19:00-де OLIMPBET QFL Премьер-лиганың кейінге шегерілген 15 тур ойыны өтеді. Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда «Қайсар» мен «Астана» кездеседі. Ал, 21-ші тур матчтары 21-22 қыркүйекке жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
×