Қазақстан футбол федерациясы президенті Әділет Бәрменқұловтың отставкасы туралы сыбыс былтырдан бері айтылып келеді деп хабарлайды BekSport телеграм арнасы.
Осыдан бірер апта бұрын ғана бұл «майлы орынға» Ресейден қоныс аударған миллиардер Тимур Турловтың тағайындалатынын спорт төңірегіндегі БАҚ-тар жазған да болатын. Алайда, бізге жеткен инсайдқа сенер болсақ, ҚФФ президенті болуға «Елімайдың» иесі Асқар Ұранхаевтың үміті зор.
Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, «сол жағалаудағы» ірі әрі жас шенеуніктің бірі Ұранхаевты (екеуі жерлес) Федерацияға басшы етіп апару үшін ҚПЛ-дегі клубтардың басшыларына хат жазып, қолдау көрсетуін сұраған-мыс.
Тіпті солай болған күннің өзінде, Қазақстан клубтарының басшылары Ұранхаевты жаппай қолдап кетсе де, Әділет Бәрменқұловты ФИФА мен УЕФА басшылары ғана қызметінен алып тастай алады. Мұны Ұранхаев пен Турлов білмей ме, әлде еуропалықтардың да аузын ұрып аламыз деп ойлай ма, әлде бұл ақпараттың бәрі жай сыбыс па — ол жағы бізге дәл қазір жұмбақ. Ал, Бәрменқұловтың бұл лауазымда әлі 1,5 жылдай мерзімі бар.
Біздің серіктес: FONBET