Бабаян «Астананың» Конференция Лигасындағы жоспарлары жайлы айтты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
04.09.2024, 10:19

«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян өзінің әлеуметтік желілерінде Еурокубоктегі жоспарлары мен қарсыластары туралы ойымен бөлісті.

Бабаян «Астананың» Конференция Лигасындағы жоспарлары жайлы айтты
Григорий Бабаян "Астана" ФК бас бапкері

«Конференция Лигасының іріктеуіндегі шешуші кездесу мен «Қайратқа» қарсы матчтан кейінгі эмоциялар саябырлаған соң, отандық футбол жанкүйерлерін «Астананың» топтық кезеңге шығуы мен қазақ футболсүйер қауымының «Челси» секілді клубтың өнерін тамашалайтынымен құттықтауға болады!

Осы кездесудің қазақ футболының дамуы мен өркендеуіне серпін береріне сенеміз!!! Барлық жанкүйерлерді біздің күзде өткізетін кездесулерімізде күтеміз және Ұлттар Лигасында күрделі мачтар күтіп тұрған ұлттық құрамаға сәттілік тілейміз», - деді Г.Бабаян.

Естеріңізде болса, «Астана» Конференция Лигасының топтық кезеңіне шықты. Қазақстандық ұжымның Еурокубоктегі қарсыластарының арасында АПЛ өкілі «Челси» де бар. Григорий Бабаян жаттықтыратын ұжым ҚПЛ-де 18 турдан кейін сегізінші орында келеді. Премьер-лиганың көшін алматының «Қайраты» бастаса, екінші орынға «Ақтөбе» жайғасқан.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×