«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян клуб сапын толықтырған жаңа футболшылар туралы ойын ортаға салды.
Айта кетейік, елордалықтар қатарына Астанада талай маусым өнер көрсетіп кеткен тәжірибелі қорғаушы Дмитрий Шомко мен бірқатар позициядағы жаңа ойыншылар келді.
«Енді, Дима Шомко – «Астанада» талай уақыт доп теуіп, команданың барлық қалыптасу кезеңдерінен өткен адам. Өз үйіне қайтып келді деуге болады. Ал Арман Кеңесов қарашада қосылды. Оны да жете танимыз, «Ақтөбеде» жалда болды. Бұл футболшының да мықты тұстары таныс және бізге алдағы уақытта оның да көп көмегі тиеді деп үміттенеміз. Одан кейін жас қақпашы Данила Карпиков, біздің қатарымызға қарағандының «Шахтерінен» келіп қосылды. Өзін жақсы қырынан танытады деп сенеміз. Жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін ойыншы екенін білеміз», - деді елордалық ұжымның бас бапкері жаңа ойыншылар жайында.
«Астана» өткен маусымда Қазақстан премьер-лигасын екінші орынмен аяқтап, Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінде ел намысын қорғады. Сондай-ақ, Григорий Бабаянның ұжымы биыл Қазақстан лигасының кубогін олжалады. Елордалықтар трофей үшін таласта жерлестері «Жеңісті» ұтып, кубокті бастарына көтерген болатын.
Біздің серіктес: FONBET