«Бачка-Топола» бапкері «Астанаға» қарсы ойын туралы: қарсылас қақпасына 25 соққы жасадық

04.10.2024, 10:29

Сербиялық «Бачка-Топола» клубының бас бапкері Йован Дамьянович Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінің бірінші турында «Астанаға» қарсы өткен матч туралы пікірін айтты.

«Бачка-Топола» бапкері «Астанаға» қарсы ойын туралы: қарсылас қақпасына 25 соққы жасадық
"Астана" футболшылары голдарын тойлауда

«Қолдан келгенше тырыстық. Жеңіліс тапқанымызға қарамастан, командамдағы жігіттердің өнеріне ризамын. Гол салатын мүмкіндіктеріміз әрине, көп болған еді, алайда матч өздеріңізге белгілі нәтижемен аяқталды. Меніңше, біз белгілі бір деңгейдегі Еуропалық футболды көрсете алдық. Қарсылас қақпасына 25 соққы жасадық, бірақ бұл ештеңеге әсер ете алмайды», - деген еді сербиялық команданы тізгіндейтін маман.

Айта кетейік, кеше елордалық клуб бірінші тур аясында «ТСЦ Бачка-Тополаны» қабылдап, 1:0-мен жеңді. Алаң иелеріне аса маңызды жеңіс сыйлаған голдың авторы Кипрас Казуколовас болатын (15-минут). Алғашқы турдан кейін Григорий Бабаянның командасы турнирлік кестеде 14-орынға жайғасқан. Енді елордалық ұжым келесі матчын сырт алаңда Уэльс елінің өкілі «ТНС» клубпен өткізбек. Бұл бәсеке 25-қазанға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×