Бағдат Қайыров «Тобыл» клубына ауысты

02.07.2021, 02:58
Қостанайлық клуб еурокубок бәсекесіне дайындалуда.
Бағдат Қайыров «Тобыл» клубына ауысты

"Тобыл" 28 жастағы қазақстандық қорғаушы Бағдат Қайыровпен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Футболшы мен қостанайлық клубтың арасындағы келісім-шарт 1,5 жылға жасалды. Қорғаушы өзіне 24-ші нөмірді таңдады.

Бұған дейін Бағдат Қайыров "Ақтөбе" (106 матч, 2 гол), "Қайсар" (21 матч) және "Ордабасы" (14 матч, 1 гол) клубтарында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×