Бахтиер Зайнутдинов: «Гол соққанымды біраз уақыттан кейін ғана түсіндім»

28.09.2021, 18:01
Бақтиер енді негізгі құрамнан түспейтін шығар.
Бахтиер Зайнутдинов: «Гол соққанымды біраз уақыттан кейін ғана түсіндім»

Мәскеулік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов "Нижний Новгородқа" қарсы өткен ойын (2:0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Евро Футбол" басылымы.

- Бұл сіздің мансабыңыздағы ең ерекше гол ма? Сіз өзіңіздің гол соққаныңызға сенімді болмаған секілдісіз. Жалпы, қандай эмоциялар болды?

- Мен гол соққанымды көрмедім, тек біраз уақыттан кейін ғана түсіндім.

- Қайталауды көрдіңіз бе?

- Жоқ, әлі көрмедім.

- Бір жағынан қиын матч. Екінші жағынан, ЦСКА қақпасының маңында соңғы минуттарға дейін қауіпті сәттер болған жоқ.

- Меніңше, бұл керемет ойын болды. Оны бәріңіз көрдіңіздер. Алаңның әр бөлігінде доп үшін күрес болды. Біз үшін бұл қиын жеңіс деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×