«Байер» футболшысы ұлының есімін Лео Криштиану деп қойыпты

29.11.2020, 20:38
Футболшы бұл есімнің футболға ешқандай қатысы жоқ деп түсіндірді.
«Байер» футболшысы ұлының есімін Лео Криштиану деп қойыпты

«Байердің» шабуылшысы Леон Бейли ұлына не үшін Лео Криштиану деп ат қоюды шешкенін айтты.

«Мұның футболға еш қатысы жоқ. Бұл маған және менің есіміме қатысты. Лео дегені менің есімінің (Леон) қысқарған түрі. Лео - арыстан. Мен арыстанмын. Мен ұлымның күрескер және көшбасшылық менталитетпен өскенін қалаймын. Ал Криштиану - Леоға өте жақсы сәйкес келеді», - деп келтіреді Бэйли Bild басылымына берген сұхбатында.

Бэйли «Байер» клубында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда ол Бундеслигның 7 матчына қатысып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Леверкузендік «Байер» 8 матчта 18 ұпай жинап, турнир кестесінде 4-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×