Байқау!

09.08.2014, 02:41
Байқау!
Бұл жолғы "Аладоп.кз" сайтының байқауы ерекше болмақ. Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі көптеген ауылдарда футболға деген махаббаттың ерекше екенін білеміз. Біздің бұл бастамамыздың мақсаты да сол ауылдардағы футболға деген жастардың, не болмаса сол ауыл тұрғындарының махаббатын көру. Сонымен қатар, қаладағы футболға қатысы бар фотолар да қабылданады. Қыркүйек айының бірінші жұлдызына дейін фотолар тегіс келіп түсуі қажет. Келіп түсіп жатқан жақсы, әрі сапалы суреттерді сайт бетіне қоятын боламыз. Және фото жіберген кезде оған түсініктеме беретіндей 3-4 сөйлем жазып жіберсеңіздер болады. Фотолардың ішіндегі мықтыларын осындағы қалың көрермен өздері анықтайды. Сурет астына жазылған пікірлер мен сауалнамалардың барлығы да ескеріле келе үш фото жеңімпаз деп табылады. Олардың барлығы да Қыркүйек айының алғашқы аптасында белгілі болып, жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады. Фотоларыңызды Ermash17@mail.ru поштасына жіберіңіздер. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×