Қазақстан футбол одағының бұрынғы вице-президенті Тілекбек Ақпаев Талғат Байсуфиновтың болашағы туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Sportinfo.kz YouTube-арнасына берген сұхбатында Ақпаев бірнеше жыл бойы құраманың айтарлықтай алға жылжуы байқалмағанын атап өтті:
"Құрама енді нәтиже көрсетуі керек. Үнемі “жеңіліс арқылы өсеміз” деген әңгіме өткен жылдармен салыстырғанда күлкілі естіледі. Қаншама іріктеу циклдерінен өттік, бірақ орнымыздан тапжылмаймыз. Отандық бапкерлерге сенім артқан кездер болды. Иракпен ойын алдында Вахид Масудовты тағайындадық – нәтиже болмады. Сергей Тимофеев келді – тағы нәтиже болмады. Пахомов – есте қаларлық ештеңе қалдырмады.” – деді ол.
Ақпаев құрама тарихындағы есте қаларлық сәттерге де тоқталды:
"Арно Пайперс кезінде біз нақты алға жылжуды көрдік. Бельгиямен екі мәрте тең нәтиже, Армения мен Сербияны жеңдік. Бұл соңғы орыннан шығып, бәсекеге қабілетті болуға бағытталған шағын, бірақ маңызды қадамдар еді. Адиев келгенде де белгілі бір нәтиже болды, Грекиямен матч біздің футболшылар жетуі тиіс деңгей бар екенін көрсетті.” – деді ол.
Ақпаев Талғат Байсуфиновтың үшінші рет келуі ұлттық құрама үшін шешуші әрі жаңа бетбұрыс болуы мүмкін деп есептейді:
"Бұл – Байсуфиновтың құраманы үшінші рет басқаруы. Оның жұмысы анық байқалады, тактикадағы өзгерістер, мотивация, ең бастысы – ойыншылар оның жеңіске деген ниетіне сенеді. Қазір оны осы циклге қалдыруға болады деп ойлаймын. Бұл құраманы кемінде 2030 жылға дейін сеніп тапсыруға болады. Команда қалыптасып, өссін. Ол үйренуге тырысады, жаңа дүниелер енгізіп жатыр, бұл ұлттық құрамаға пайдалы болуы мүмкін. Уақыт өте келе біздің құрама қаншалықты бәсекеге қабілетті болатыны анықталады.” – деді Ақпаев.