Талғарда оқу-жаттығу ойындарын өткізіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы біраз қиындықтарға тап болды. Өйткені ұлттық құраманың 6 ойыншысы жарақат алыпты. Олар: Цирин, Логиновский, Көкеев, Тәжімбетов, Остапенко және Байжанов. Беранектың айтуы бойынша, алғашқы бестіктің жарақаты ауыр емес. Байжановқа келсек, оның жарақаты шап тұсының бұлшық етінің созылу болғандықтан, жағдайы ауыр.