Баха “Бешикташта” қала ма?

07.04.2024, 20:33

Milliyet баспасы “Бешикташтың” келесі маусымда қалатын футболшыларын тізбектеп берді. 

Баха “Бешикташта” қала ма?

“Колли, Жедсон, Масуаку, Рашица, Аль-Мусрати, Мучи, Окслейд-Чемберлен және Амир “Бешикташтағы” келісімшарттарының мерзімі аяқталмайтындықтан, ыстамбұлдық ұжымда қала бермек. Бақтиерда жергілікті команданың намысын қорғаудан шет қалмайды. Аталған аяқдопшылар “Бешикташтың” келер маусымға арналған құрамына кіреді”.

Бір қызығы, бұған дейін түрік басылымдарында қазақстандық футболшылар ендігәрі легионер болып саналмайтындығын жазған болатын. Осы себептен Бақтиер “Бешикташтан” біржолата кетеді деген ақпараттарда желдей есіп еді. 

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы “Бешикташ” үшін жалпы 35 матч өткізіп, 1 гол соқты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×