Бахтиер “Бешикташқа” керегі болмай қалды

18.09.2024, 20:14

Ensonhaber.com порталы Бахтиер Зайнутдинов ыстамбұлдық “Бешикташтың” алдағы жоспарына кірмейтіндігі жайында жазып отыр.

Бахтиер “Бешикташқа” керегі болмай қалды

2025 жылдың басында қырандар Жан Онана мен Алекс Окслейд-Чемберлен және Бахтиер Зайнутдиновты сатып құтылмақшы. 

Осыған дейін түркиялық ұжым қорғаушы Даниэль Амартеймен арадағы келісімді бұзды. Ганалық 13 қыркүйектен бері еркін агент статусында тіркеліп тұр.

Айта кетейік, Бахтиер “Бешикташтың” осы маусымдағы бірде-бір ойынына қатыспады. Бапкер Джованни ван Бронкхорст отандасымызға сенім арта алмай отырған жайы бар. Бәсекелестігі жоғары ұжымда өкінішке қарай, Зайнутдинов көлеңкелі бетті қалып қойды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×