Бахтиер Зайнутдинов «Аяксқа» қарсы ойынға қатыса ма?

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
25.09.2024, 17:42

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтың» Еуропа Лигасының бірінші турындағы кездесуіне қатысатын футболшылар тізіміне енді.

Бахтиер Зайнутдинов «Аяксқа» қарсы ойынға қатыса ма?
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

Айта кетейік, бүгін стамбулдық клуб сырт алаңда «Аякспен» жолығады. Бахтиер Зайнутдинов суперлиганың жаңа маусымында әлі өнер көрсеткен жоқ. Стамбулдық ұжымның жеті матчының үшеуінде ойынға қатысатын футболшылардың тізіміне енгенімен, қазақстандық футболшы оның бірде-біреуінде төбе көрсетпеді.

Естеріңізде болса, Бақтиер Зайнутдинов 2023 жылдан бері  «Бешикташта» барлығы 37 ойын өткізіп, 1 гол соқты.«Қырандар» сапындағы келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Футболшы стамбулдық командамен 2023/24 жылғы маусымда Түркия Кубогы, 2024/25 жылғы маусымда Түркия Суперкубогын жеңді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×