Бахтиер Зайнутдинов: Алдымен Грекиямен ойнайық, одан арысын көре жатармыз

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
20.03.2024, 05:32

Қазақстан Ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ертеңгі тоғыспалы матч туралы ойын айтты. 

Бахтиер Зайнутдинов: Алдымен Грекиямен ойнайық, одан арысын көре жатармыз

"Бұл туралы әлі ойлағам жоқ. Болжам жасауды ұната бермеймін. Грекиямен ойнайық, одан арғысын көре жатармыз. Қазір бар ойымыз тек солармен байланысты", деді Б. Зайнутдинов.
Айта кетейік, Грекия мен Қазақстанның тоғыспалы ойыны ертең 00-45-те Афины қаласында болады. Егер біздің жігіттер эллиндерді жеңсе, наурыздың 26-да Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен Еуро жолдамасына таласады. Айта кетейік, УЕФА- ның мәліметіне сәйкес, Қазақстан командасы Еуро-2024 турниріне шыққан жағдайда 4,5 миллиард теңге көлемінде сыйақы алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×