Бахтиер Зайнутдинов бір аптадан кейін жаттығуға қайтып оралады

11.04.2025, 20:54

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жарақатынан әлі толық айықпады.

Бахтиер Зайнутдинов бір аптадан кейін жаттығуға қайтып оралады
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

Алайда, футболшы «Бешикташ» командасының жалпы тобына қосылып үлгерген. Қазақстан ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында футболшының қазіргі жағдайы туралы айтты. Қазақстандық маман Бахтиермен де, Ыстамбұл клубының медицина қызметкерлерімен де тұрақты байланыста екен.

«Біз Бахтиермен үнемі хабарласып отырамыз. Сондай-ақ «Бешикташтың» физиотерапевтімен сөйлестім, ол жақын күндері бірнеше процедура жасалатынын айтты. Бұл тұрғыда оларға «Байер» клубының медицина штабы да көмек көрсетіп жатыр. Дәрігерлердің болжауынша, шамамен бір аптадан кейін Бахтиер алаңға шығуы мүмкін.

Бахтиердің көңіл-күйі жақсы, ол алаңға шығып, командаға көмектескісі келеді. Бірақ клубтың медицина қызметкерлері емдеу мерзімін сақтауды жөн көрген. Себебі бұл – жамбас артқы бұлшықетіне байланысты күрделі жарақат. Мұндай жарақатты өте мұқият емдеу қажет», – деді Ә. Әлиев.

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеу турнирі аясында болған Уэльс және Лихтенштейнге қарсы ойындарға қатысқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×