
Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасының сапында
“Бешикташ” клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов 2026- жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс және Лихтенштейн құрамаларына қарсы алдағы матчтарға дайындалу үшін Белектегі Қазақстан құрамасының жаттығу лагеріне қосылды.
Бахтиер Зайнутдинов Стамбулдан ұшып келіп, кеше қосымша медициналық тексеруден өтті. Соның нәтижелеріне байланысты алдағы ойындарға қатысуы туралы шешім қабылданады. Қазақстан құрамасы 2026-жылғы ӘЧ-2026 іріктеу турнирін 22-наурыздан 23-наурызға қараған түні Кардиффте Уэльс құрамасына қарсы сырт алаңда бастайды. Содан кейін, 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні, Вадуцта Лихтенштейн құрамасымен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET